Түркістандық 9 дәрігер Түркияға аттанады

61

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Түркістан облысынан 9 дәрігер жіберілді.
Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін.