8 мыңнан астам сайлау учаскесінде қазақстандықтар дауыс беруде

22
Отырар.кз

Қазақстанның сегіз мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 8272 сайлау учаскесі ашылды. Соның ішінде 12 шет елде 13 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды», — деді Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысында. Айтуынша, 92 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталған. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 1887 сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен сағат сегізде басталады.
Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан. Шымкентте сайлауда өз таңдауын жасағандардың қатарында әскерилер бар.