Д. Қуашбаев жарқын болашақты жастармен бірге құрмақ

127

Елге адал қызмет етуді міндетім деп білетін Дулат Қуашбаев қала тұрғындарының арыз-шағымына құлақ түрді. №8 шағынаудан халқы кандидаттың бет алған бағытына сенім білдіріп, өздерін толғандырған мәселесін ортаға салды. Ал №15 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына үміткер алдағы уақытта мегаполистің гүлденуіне өз үлесін қосуды мақсат еткен.

 

Шымкент қаласы №15 сайлау округі бойынша мәслихат депутатығтына үміткер Дулат Қуашбаев тұрғындармен кездесті. «Жарқын болашаққа – жігерлі жастармен» ұранын ұстанған кандидат жастарды қолдауға ерекше талпыныспен кірісетінін жеткізді. Ал қала тұрғыны Тоғжан Көшкінбаева елі үшін еңбек етуге құштар жалынды жастарды қолдауға дайын екенін айтады.

Тоғжан Көшкінбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Үміткермен кездесіп жатырмыз. Өте тамаша. Бізге программалары ұнап жатыр. Жастарды қолдаймыз. Сайлауға бәріміз барамыз. Біздің 8-інші ш/а жалпы ұнатты үміткерді»

Білім саласында талмай қызмет етіп жүрген Дулат Қуашбаев халық пен билік арасында алтын көпір болуды қалайды. Елім-жерім деген азамат тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне қолдан келгенше көмек беретінін тілге тиек етті. Ал жастарды қолдау елдің келешегіне құйған инвестиция екенін айтады.

Дулат Қуашбаев, Шымкент қаласы мәслихат депутатына үміткер: «Біз 100-деген кездесу өткіздік. Бірқатар кісілермен кездестік. Біз міндетті түрде халықпен тығыз қатынас орнатып, олардың артқан әрбір айтқан мұң-мұқтажына жауап беріп, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз. Жұмыс атқарылып жатыр. Құдай қаласа біз үлкен өзгерістер енгізуге дайынбыз»

Үміткер мәслихат депутаты болса, арнайы халықты қабылдау бөлмесін жасақтамақ. Сонымен қатар тұрғындар уақытын жоғалтпас үшін өз шағымын жеткізетін онлайн платформаның жобасын әзірлеп жатыр. Сол арқылы тез арада мәселені анықтап, шешу жолдарын жеңілдетуді көздейді.