Данабек Исабеков Тұрлан тұрғын алабындағы балабақша ұжымымен кездесті

64

Шымкенттегі №6 сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Данабек Исабеков Тұрлан тұрғын алабындағы балабақша ұжымымен кездесті. Үміткердің халық жағдайын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламасына оң бағасын берген ұжым, 19 наурызда өтетін саяси шараға белсенді түрде қатысамыз деп отыр.

 Балабақша ұжымына Мәжіліс депутаттығына үміткер Данабек Исабековті оның партияластары таныстырды. Мамандығы заңгер, қаржыгер, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек еткен кандидатты, әріптестері халық қалаулысы атағына лайық деп санайды.

Штаб басшысы: «Қолдайық. «Болатын жігіттің белін бу, бетін қақпа»  дейді ғой. Белін буатын осы жігіттерге дауыс берейік».

Шымкенттегі №6 округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Данабек Исабеков кездесулерде көтерілген бірде -бір мәселе назардан тыс қалмайтынын Тұрлан тұрғын алабының тұрғындарына жеткізді.
Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер: «Барлығын білемін. Банкомат жоқ, 6 мың халық тұратынын, тал кесілмеген, қоқыс уақтылы шығарылмайды көптеген мәселелермен таныстым қолымнан келгенше ықпал жасаймын».

Турландықтар Мәжіліс депутаттығына кандидат Данабек Исабековке үлкен үміт артады. Және, ол сенімнің ақталатынына кәміл сенеді.

Жұмакүл Тайтелиева,»Ақ көгершін» бөбекжай бақшасының меңгерушісі: «Данабек Исабековтың жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол  азамат ретінде білеміз.  Сізге сәттілік тілейміз. Бір ауыздан қолдаймыз».

Үміткер Д.Исабековтың жеке сайлау қоры қаражатынан төленді