Алаяқтардың қармағына түсіп қалмаңыз

20

Қазақстандық банктер мен байланыс операторлары бірлесіп, клиенттерге үндеу жасады.

Мәлімдемеде «Соңғы уақытта қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Қаражатыңыздан айырылып қалмас үшін сақтандыру мақсатында сіздерге ескертеміз. Алаяқ қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысы қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджер арқылы сөйлесуді ұсынады. Чатта алаяқ банк қызметкерінің қолдан жасалған куәлігінің фотосын жібереді. Алаяқ қаражатыңызды біреулердің ұрлауға тырысып жатқанына сендіріп, оны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді. Бұдан кейін ақшаны алып, із жасырады. Біз, қазақстандық банк қызметкерлері телефон арқылы сөйлесу кезінде қаражатты ешқашан басқа шотқа аударуды ұсынбайтынын, құпиясөз бен код сұрамайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстандық банк қызметкерлері клиенттеріне ешқашан шетелдік нөмірден қоңырау шалмайды».