Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ақпан айында қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін, 93 млрд теңгенің ипотекасын алған.
«2023 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1%, яғни, 14 402 млрд. теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 1,7% өскен). Бұл ретте ипотекалық қарыздар 1,1%, яғни, 4 803 млрд теңгеге дейін өсті. Тұтынушылық кредиттер 0,6% немесе 7 791 млрд теңгеге дейін ұлғайды»,- деп жазылған құжатта.
Агенттік мәліметі бойынша, ақпанда жеке тұлғаларға 880 млрд теңгенің жаңа несиелері берілген. Бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,1% көп.
Тұтынушылық мақсаттарға 715 млрд теңге берілген, бұл 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,7% көп. Ипотекалық қарыздар – 93 млрд теңге, 2023 жылғы қаңтардан 12,2% көп.
«2023 жылғы ақпанда банктен тыс заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 19,5% болды», — делінген құжатта.