2013 жылғы 14 сәуір сағат 09:21-де «101» қызметіне Шымкент қаласы Абай ауданы, Шымсити шағын аудынындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт орнына тез арада 3 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 16 адам, апаттар медициналық ортағылығының қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына келгенде пәтердің ішінде көрпе төсектің жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде 2 бала қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт сағат 9.38-де оқшауланып, 9.43-те толығымен сөндірілді.
Өрттің ода әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.