Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар жүреді

70
Сөйтсек, Шымкенттің танымал болып үлгерген 2 қабатты автобусы серуендеушілерімен келіп қалыпты

 Екі ел арасындағы ынтымақтастықты және туризм саласын дамыту мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Ташкент облысының әкімшілігі Түркістан мен Ташкент облысының әкімшілік орталығы Нурафшан қаласы арасында туристік автобустар қатынайтынын хабарлайды.

Әкімшіліктің мәліметінше, автобустар бір жылда осы бағыт бойынша 10 мыңға дейін адамды тасымалдайды.Сонымен қатар туристер бес күндік турда көрікті жерлерді тамашалай алады. Жоба туристік әлеуеті жоғары Бостондық, Паркент, Зәңгіата, Ахангаран, Чиназ аудандары мен Ангрен қаласын қамтиды, кейінірек өңірдің басқа аймақтарына да сапарлауға мүмкіндік жасалады.