Радиацияның әсерін емдейтін орталық ашылды

63

Шымкентте №2 оңалту орталығы күрделі жөндеуден өтіп, емдеу мүмкіндігі артты. Енді мұнда дәрігерлер ерекше балаларды тың әдіспен емдеп, қажетті оңалту шараларын жүргізеді. Орталықтың ерекшелігі сол мұнда мамандар ағзадағы радициялық жағдайды қалыпқа келтіретін емдеу әдіспен науқастарды сауықтырмақ.

Жарты ғасырға тарихы бар қаладағы №2 оңалту орталығы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Орталық 116 төсек орынға  неврологиялық, ортопедиялық және кардиологиялық патологиялары бар 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін арналған. Мұнда жыл сайын 1500 бала, оның ішінде ерекше балалар оңалту емінен өтеді.

Екі жасар Еркежан тумасынан сал ауруына шалдыққан. Балақайдың оң қолы мен аяғының қиымлдауына шектеу бар. Ерекше болып туылған баланы емдеу үшін анасы жыл сайын оңалту орталықтарына әкеледі.

Шолпан Ахынова, қала тұрғыны: (Қызыма ДЦП деген дианоз қойған. Қазір осында тұзды шахта түрді ЭЛФК емдерін қабылдаудамыз. Мұнан алдын қызым жүріп, сөйлемейтін, Қазір емнің арқасында жүріп, сөйлеп жүр».

Күрделі жөндеуден өткен орталықта қазір 50 бала ем алуда.
Еркежан орталық заманауи 3 жаттығу және «механотерапия» залымен жабдықталған. Сондай-ақ емдеу залдарында «Бобот» функционалды кушеткасы, емдеуге арналған әртүрлі жұмсақ төсеніштер, валиктер, бұрыштар, тренажерлар бар. Тағы бір ерекшелігі мұндағы «шунгит» бөлмесінде ағзадағы радициялық жағдайдын қалыпқа келтіретін арнайы бөлме бар.

Чукеев Әсілбай, №2 оңалту орталығының бөлім меңгерушісі:  «Шунгит» бөлмесінің ерекшелігі вулканды тастардан жасалған. Мұнда невралогиялық, кардиологиялық, травматологиялық жарақатты емдейді. Мұның өзгешілігі радиоциннный фон болған науқастарға көмектеседі. Мұндай емдеу кабинеті қала бойынша біздің орталықта ғана бар»

Айта кетейік, оңалту орталығын жаңғырту жұмыстары «Қазақстан халқына» , «Қамқорлық » , «Samruk-Kazyna Trust» және Тұңғыш Президент Қоры арасында қол қойылған меморандум аясында  Шымкент қаласы әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауының арқасында жасалды.

Күрделі жөндейуден кейін мұнда дәрігерлер жылына 600-ден аса баланы емдеп, ерте жастан мүгедектікті барынша азайтуға мүмкіндік алмақ