Шымкент қаласы, 194 орам, Қарабура көшесі бойындағы үйдің жанында жеңіл автокөлікте өрт орын алған.
Шақыру бойныша тез арада екі өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 12 адам жіберілді. Оқиға орнына келгенде Волга «Газ-3110» маркалы автокөлігінің мотор бөлігі және салонында алдыңғы панелі жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 11.03-те оқшауланып, 11.10-да толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына және көлікте орнатылған газ қондырғысының жарылуына жол бермеді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.