1 айда 30 жол апаты салдарынан 13 адам қаза тапты

67

Шымкенттік полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Дегенмен, ережеге бағынбайтын жол көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр. Мәселен, шаһарымызда соңғы 1 ай көлемінде 30 жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған.

Жол көлік оқиғасының негізгі себебіне жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқаруы, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығуы жатады.
Өз кезегінде, шымкенттік тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Көлік тізгіндеуші өзінің амандығымен қатар, өзгелердің де саулығын ойлауды ескертеді.