Шымкентте 7 мектепке қосымша ғимарат салынып жатыр. Олар қаладағы үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге бағытталған.
Сондықтан шаһар басшысы Мұрат Әйтенов құрылыс барысымен танысып шақты. Атап айтқанда, Сайрам ауданында №65 мектеп-гимназиясының қосымша ғимараты бой көтеріп жатыр. Нысан 600 оқушыға арналған.
Сонымен қатар, №45 мектепте 300 орынға арналған қосымша корпустың құрылыс-монтаж жұмысы аяқталуға жақын. Ал М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияға тағы 1100 орындық жаңа корпус салу жоспарланған.