Биыл Тұран ауданында 22 көше жарықтандырылады

34

2023 жылы Тұран ауданы аумағында 22 көше жарықтандырылады. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелерге электр желілері жүргізіледі. Сондай-ақ, 40 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төселеді.

Ұзындығы 22 500 метрлік БМК каналын реконструкциялау жұмысы осыдан 1 ай бұрын басталған. Шаруа қожалықтарына су жеткізу және дендросаябақтың екі көлін толтыруға бағытталған каналда қазір құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Мамандар каналды толығымен тазартып қойғанын, қазір блоктарды ауыстыру жұмысы жүріп жатқанын айтады. Олар 10 айға жоспарланған жұмысты, мерзімінен ерте аяқтап, тапсыруға тырысамыз дейді

Сәкен Мамыров, мердігер компания өкілі: «158 дана Г блоктарын ауыстырамыз, 7 шақырымдай блоктардын астына стяжка құйып шығамыз».

Тұран ауданында инфрақұрылммен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы көшелер электр желілерімен қамтылып, ескі желілер жаңартылуда. Биыл аудан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 22 көше жарықтандырылмақ. Оның 9 көшесінде құрылыс жұмыстары басталып та кетті.

Боранбай Болатбеков, Тұран ауданының әкімі: «Биыл аудан бойынша біз МЖӘ арқылы 22 көшені жарықтандырамыз. Сол 22 көшенің 9 көшесі бүгінгі таңда жұмысы жүріп жатыр. Бұны энергетика басқармасы бақылайды. 40 көшеге шағал тас төсейміз биыл Құрсайға. Қосымша 13 көшеге асфальт төселеді. Осы Құрсай елдімекеніне көп назар аударып отырмыз».

Сонымен қатар, биыл Тұран ауданы толық ауыз сумен қамтылып, 40 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төселеді.

Алдағы уақытта шалғай шеттегі шағынаудандардың басым бөлігінде көше шамдары жарқырайтын болады.

Гүлдана Дәурен