16 мамырда Самара-Шымкент тас жолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Отырар.
«Шевроле» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, «Chevrolet» көлігінің үш жолаушысы мен «Тойота» көлігіндегі 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
Жол апатына қатысты тергеу басталды.