Шымкент қаласы әкімінің өкіміне, сондай-ақ жалпы қалалық сейсмикалық оқу-жаттығудың практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС объектісінде «Жер сілкінісі кезінде ұйымның жұмысшылары мен қызметшілерінің басшылық құрамының әрекеті» тақырыбында cейсмикалық оқу — жаттығуы өтті. Шара барысында, мұнай өңдеу зауытының «өрт жағдайына» дайындығы тексерілді.
Стратегиялық алаңда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамының саптық байқауы өтуде. Оқу сейсмикалық жаттығу барысында, жер сілкінісі қаупі төнген кезде басшы құрамның, жұмысшы қызметшілердің іс-қимылдарын үйлестіру жұмыстары пысықталды.
Сценарий бойынша 7 балдық жер сілкінісі кезінде аммиак ағып, улы заттың таралу аймағын оқшаулау мақсатында өрт қызметі өз міндетіне кірісті
Ерлан Базарқұлов, техникалық бас жетекші,
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаменті директорының м. а.: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС стратегиялық объект болып табылады. Осыған байланысты біздің кәсіпорында барлық апатты -құтқару қызметтері тұрақты негізде жұмылдырылған. Өндірісте дайындық басымдық болып табылады. Бұл оқу-жаттығуларға газдан құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды»
Дабылды естіген бойда жұмысшылар ғимараттан шұғыл түрде шығып, қауіпсіз жерге жиналды. Қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвакуациялау ұйымдасқан түрде жүргізілді. Жер сілкінісі жайлы дабыл кезінде аға топтар бір қызметкердің жоқтығын анықтады. Кезекші құтқару бөлімшесі зардап шеккен азаматты шұғыл іздеуге кірісіп, тез арада тауып медициналық көмек көрсетуде.
Жәнібек Кәрімбаев, Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары: «Бүгінгі жаттығудың екінші кезеңі жер сілкінісі болған жағдайда ауысымдағы зауыт қызметкерлерін эвакуациялау. Оқу-жаттығу барысында басшылықтың іс-әрекеттері, сондай-ақ зауыттың жергілікті құрылымдарының өзара іс-қимыл жоспары пысықталды. Бүгінгі объектілердегі жаттығу қорытындысы бойынша кәсіпорын қойылған міндеттерді орындауға дайын деген баға берілді».
«ПетроҚазақстан Ойл продактс» ЖШС аумағында зауыттың авариялық-құтқару және ерікті өртке қарсы құралымдардың ықтимал өрттерді жоюға дайындығын тексеру мақсатында өткен шара, мекеменің сын сағаттарда жоспарлы түрде жұмыс істеп, қауіпке қарсы тұруға дайын екендігін тағы бір дәлелдеді.