Самал-3 шағынауданында 13 көшеге асфальт төселеді

38

Самал-3 шағын ауданында 13 көшеге жөндеу жұмысы жүргізіледі. Нәтижесінде меже 49 пайызды құрамақ.

Қазір аймақта 63 жол бар. Оның 30-ы асфальтталған болса, 30-ына шағал тас төселген. Ал үшеуі топырақ жол. 2025 жылға қарай елдімекендегі асфальтталған көше көрсеткішін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Самал-3 шағынауданында 27 мыңнан аса халық тұрады. Аймақта 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.