Шымкентте 21 мамырда Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойынша сағат 15:28-де, жалпы ауданы 2400 ш.м. құрайтын бір қабатты қоймада 280 ш. м. алаңда шатырдың жануы орын алды.
Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де сөндірілді. Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы 6% күйік шалған. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.