Түркістан қаласы, Сауран мен Отырар аудандарында 15 мың гектар аумаққа ағаш-бұта көшеті егілді. Негізгі меже 31 мың га болатын.
Осыған орай облыстық жауапты мамандар арасында талқылау жұмысы жүргізілді. Жиында мәдени екпелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу және мәдени көшеттерді дұрыс отырғызу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындар 20 107 га аймаққа ағаш, сексеуіл көшеттерін егеді деп жоспарланған. Қазір 8 934-на егілген. “Жасыл белдеуді” көбейту барысында облыстағы атмосфераның ластануы 65%-ға төмендеген.