Úı Jańalyqtar «Балдәурен» оркестрі Ташкентте бас жүлдені жеңіп алды

«Балдәурен» оркестрі Ташкентте бас жүлдені жеңіп алды

 

Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Балдәурен» оркестрі Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «Tashkent Summer Festival 2023» халықаралық байқау — фестиваліне қатысып «Халық аспаптары» номинациясында БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.

«Балдәурен» оркестрінің жетекшісі — Стамғазы Архат; Ташкент қаласында өткен Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен «Tashkent Summer Festival» халықаралық байқау – фестивалінде оркесторымыздың өнер көрсеткені үлкен абырой.

Оркестр Астана қаласының көпшілік шараларда өнер көрсетіп, Республикалық, қалалық облыстық байқауында жүлделі орындарды алып жүр.

Таланты жастардың басын қосып, ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен №2 Балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичқа рахмет айтамыз