Қымыз ішіп, көлік жүргізуге бола ма?

452

Қымыз көп адамның  жақсы көретін бие сүтінен жасалған, қышқыл сүтті сусын екенін білеміз. Алайда қымыз ішкен кезде көлік жүргізуге бола ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

Қымыз ащы болған жағдайда оның құрмындағы спирт мөлшері  0,5 %-4,5% дейін болатынын білгендеріңіз жөн. Ал масаю деңгейінің 3 түрі бар. Олар:

  1. 0,5% – 1,5%-ға дейін жеңіл;

2.1,5% – 2,5%-ға дейін орта;

3.2,5% – дан жоғарылаған сайын ол қатты масаю болып саналады.

«Жалпы сізді көлік жүргізу барысында жол полиция қызметкерлері ұстаған жағдайда  алкотест арқылы осы көрсеткіш көрсететілетін болса, яғни сізде масаюдың жеңіл түрі болатын болса, айыппұл негізінде төлем жасайсыз. Ал көрсеткіш орта немесе жоғары болған жағдайда, көлік басқару куәлігінен айырылуыңыз әбден мүмкін. Сол себептен  қымыз сусынын көлік жүргізер кезде ішпегеніңіз абзал»,-деді заңгер.