Жыл соңына дейін 56 елдімекенге көгілдір отын тарту көзделген

42

Биыл елімізді газдандыру көлемі 60 пайызға жетпек. Үкімет жариялаған құжатқа сай ол үшін жыл соңына дейін 56 елдімекенге көгілдір отын тарту көзделген.

Онда 200 мыңдай тұрғын тұрады. Олар үшін газ Ресейден жеткізілмек. Әзірге екі нұсқа қаралып жатыр. Бірі Барнауыл-Рубцовск-Семей-Өскемен немесе Омск-Павлодар-Семей магистралін тарту. Нақты шешім жақында шығарылмақ.