Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Шара барысында аудан халқы 2025 жылға қарай 100 пайыз табиғи газбен қамтылатыны айтылды. Бұдан бөлек жауаптылар аудандағы инфрақұрылым мәселесіне баса назар аударды.
Қазіргі уақытта Абай ауданында 258 мыңға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылған. Яғни жергілікті тұрғындардың 96,2% сапалы ауыз сумен қамтылған дейді жауаптылар.
Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы: «Бүгінгі таңда 1 елдімекен яғни Қайнарбұлақ тұрғын алабында 32 пайыз тұрғындар ауыз сумен қамтылған. Мұндағы құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Мердігер мекеменің күшімен 2023 жылдың соңында тұрғындарды толық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады».
Ауданда мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында тағы 7 мектеп салынады. Атап айтқанда, Нұршуақ ш.а 2000 орындық мектеп, Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық, ал Бозарық шағынауданында 2000 орындық мектеп бой көтеретін болады.
Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің м.у.а: «2024-2025 жылдары тағы 3 мектеп Асар шағынауданында 1500 орындық, Шымситиде 2000 орындық, Достықта 2000 орындық мектеп салу жоспары бекітіліп қойды».
Ауданда халықтың көп шоғырлануына байланысты жаңа спорт нысандары да бой көтермек. Халық қатысатын бюджет аясында Абай ауданында 15 балалар алаңшасы мен 3 спорт алаңшасы салу жоспарланып отыр.