Ертең «Qamqor» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады

75

Ертең, 15 тамызда сағат 11:00 «Qamqor» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Өтінімді otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында тастауға болады.

Бағдарламаға 63 жасқа дейінгі журналистер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт, энергетика салаларының қызметкерлері қатыса алады. Ол үшін сіздің соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлкіңіз болмауы керек. Сонымен қатар Шымкент қаласында  кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуде болуыңыз қажет.

«Qamqor» бағдарламасының артықшылықтары:

1. * 20 млн теңгеге дейінгі заем.
2. * Бірегей пайыздық мөлшерлеме -5%* (ЖТСМ-5,2%).
3. * 10% бастапқы жарна.
4. * Несие мерзімі 25 жылға дейін.