Көлігіне қызыл түсті жарықшам орнатқаны үшін айыппұл арқалады

21
фото Отырар аудандық соты

Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын орнатып көлік құралын басқарғандары үшін жауапкершілікке тартылды. 21 тамыз 2023 жылы Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істер қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы екі азамат 16 шілде 2023 жылы 00:30 минут шамасында, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Жібек жолы көшесінің бойында, Жол жүрісі қағидаларының 3.5-тармағының талабын бұза отырып, «Тойота» маркалы және «Ваз 21074» маркалы көлік құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспапты орнатып басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәсін мойындап, жоғарыда аталған күні автокөліктерінің алдына қызыл түсті жарық беретін құрылғы орнатып басқарғандарын, жасаған әрекеттеріне өкініп, кешірім сұрайтындары жөнінде айғақ берді.
Әкімшілік құқық бұзушы азаматтардың айыбы, сотта кінәсін мойындауымен қатар, іске тіркелген 19 тамыз 2023 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен; аспапты алу туралы хаттамамен, сотқа дейінгі өндірістегі түсініктемемен және басқа да іс құжаттарымен толық дәлелденеді.
Істің мұндай тұрғысында сот, құқық бұзушылардың іс-әрекеті ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен саралауды дұрыс табады, өйткені ол, көлік құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспапты орнатып басқарған.
Сот, әкімшілік құқық бұзушыларды тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, азаматтарға әкімшілік жаза қолданарда, олардың жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар деп кінәсін мойындауын, ал ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, құқық бұзушылықтың сипатына мән бере келе, оларды ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігінің санкциясы шегінде көрсетілген аспаптарын тәркiлей отырып, жеке тұлға ретінде әкімшілік айыппұл салуды дұрыс деп санап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына 51 750 (елу бір мың жеті жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс екендігі түсіндірілді.