Шымкентте «Базар жастар лигасы-2023» турнирінің үздіктері анықталды

21

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Бүгінде спорт бағытында нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқан аймақтардың біріне – Шымкент қаласы енеді. Күн санап, даму үстіндегі қалада спортқа айырықша көңіл бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көптеген спорттық шаралар өтіп келеді. Солардың бірі – «Базар жастар лигасы» турнирі.

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен бастау алған спорттық сайысқа базар және сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түскен. Спорттық сайыс ережесіне сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталған. Атап айтқанда, «Барыс», «Тұлпар», «Авто-Нұр», «Айна, Жібек» жолы, «Алаш», «Акбар», «Көне қала», «Пионер», «Орталық қырғы» базарлары мен «Технодом», «Evrika», «Магнум», «Мечта», «Sulpak», «Север» сауда орталығы.

Турнир ұлдар арасында кіші футболдан 8 тамыз күні басталып, I-орын-«Акбар» базар, II-орын-«Көне қала» базары, III-орын-«Барыс» базары иеленсе, екінші кезеңі қыздар арасында 16 тамыз күні өтіп, I-орын-«Sulpak» базар, II-орын-«Магнум» базары, III-орын-«Тұлпар» базары иеленді.

Сондай-ақ, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы мен үздік байланыстырушы, үздік шабуылдаушы, үздік қорғаушы анықталды.

Жеңімпаз барша командаларға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Мұратжан Шотановтың атынан арнайы дипломдар, кубокпен қатар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, базар жастар лигасының басты мақсаты, сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану және жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.