«Хит» имам Түркістандағы кездесуде не айтты?

57

Түркістан қаласында «Арманда» Халықаралық форумы өтті. Форумның мақсаты – білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша салауатты пікірталас алаңын құру.

Жоба жетекшісі психология ғылымдарының кандидаты, белгілі медиаменеджер Арман Давлетияров бұл жиынның жастарға берері мол деп есептейді. Форумда тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, сахна төріне шыққан айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов сөз өнерінің құдіретіне тоқталып, еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тәсілдерімен бөлісті. Форумды қорытындылаған белгілі дінтанушы, елге «Нұрлан имам» атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы қазақ салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтар жөнінде насихат айтып, көпшіліктің түрлі сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында форумға қатысушылар өңірлердегі балалар және қарттар үйлеріне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік мекемелерге барады. Сондай-ақ, студенттермен және аз қамтылған отбасылармен кездеседі.
Форум еліміздің Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Көкшетау, Петропавл, Семей, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Талдықорған сынды 17 қаласында өтеді.