Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қызылқия, Жігерген, Шарбұлақ ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар жауын-шашын маусымында орын алуы мүмкін апатты жағдайлардың алдын алу жайлы, жер мәселелері, әлеуметтік көмек түрлері, жұмыссыздықты жою, тас жолдар салу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты.
Бұдан бөлек, ауданы тұрғындары кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесін де көтерді. Жеке кәсібін бастауға ниет етіп отырғандардың қарасы қалың. Кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау түрлері туралы толық ақпарат берілді. Алдағы уақытта осы бағытта ақпараттық насихаттық жұмыстары жалғасын табатыны туралы айтылды.
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.