Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

56

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Жиын барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырудың тетіктерін қарастырып, болашақ инвестициялық жобаларды талқылады.

Ал шетелдіктер Қазақстандағы туризм, мәдениет, ауылшаруашылығы салаларын дамытуда өз инвестициялық жобаларын ұсынды. Осылайша Шымкент әкімі өз сөзінде мемлекеттік қолдау аясында өңірде американдық жаңа бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қаламызда американдық капиталдың қатысуымен 10 заңды тұлға, филиал тіркелген. Шетелдік компаниялар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпараттық байланыс салаларында жұмыс істейді.