«Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр. Бұл жоба білімнің емес эмиграция мен туризмнің құралына айналды». Сенатор Андрей Лукин осылай деп үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Оның мәліметінше, бағдарлама аясында 15 мың қазақстандық шетелде білім алып, 12 мың маман дайындалған. 12 жылдың ішінде 200 млрд. теңге жұмсалған. Оны заңсыз жымқырған деректер де бар. Ал степендиаттарға қойылатын талаптар жиі бұзылады. Мұндай 1 мыңнан астам дерек белгілі. Бағдарламаны бақылау мен бөлінген ақшаны қадағалаудың жаңа тәсілін әзірлеу қажет»,- деді Сенат депутаты.