2023 жыл түркістандық спортшылар үшін жемісті жыл болды

27

2023 жыл Түркістан облысының спортшылары үшін жемісті жыл болды. Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің қорытындысы бойыншы биыл бұл мекеме шәкірттері 190 медаль олжалаған.

Түркістан облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде  спорттың 11 түрінен, 24 жаттықтырушы 23 оқу тобы бойынша қызмет етуде. Мұндағы спортшылар бокс, таэквондо, еркін және әйелдер күресі, грек рим күресі, дзюдо түрінен өнерін шыңдайды. Ал кәсіби спортшылар садақ ату, ауыр атлетика, теннис, академиялық есу, байдарка және каноэде есу спорт түрлерінен де  дарынды шәкірттері олимпиада жолдамасына қызу дайындалады.

Шыңболат Райханов, Түркістан облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры: «Биыл мектебімізде 2023 жылды қорытындыладық. 2024 олимпиада ойындары, 4 жылда бір болатын. Қазір 11 бөлім бар. 110 сопртшы, 70 құрама мүшесі. Олимпиада жақсы ойындар көрсетуге жұмыс істеп жатырмыз. Осы ретте басқарма басшысына және Дархан Амангелдіұлына қолдау үшін рахмет».

Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі негізінен халықаралық додаларға қатысатын жоғары санатты саңлақтарды тәрбиелейді. Мектеп директорының айтуынша, бүгінде спорттық ұжымда білікті де білімді 24 бапкер қажырлы еңбек етіп келеді. Жеңіске деген күш жігерлері мықты 53 спорт шеберлігіне үміткер, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 еліміздің спорт шебері дайындалып шыққан.

Шыңболат Райханов, Түркістан облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры: «Биыл жыл қорытындысы бойынша олимпиадалық спорт түрінен 190 медаль,  оның 110 алтын қалғаны күміс қола. Олимпиадағаяч үміткер 10 спортшы, барлығы лицензияға байланысты. Жарыстарды бірінші ұтсын. Содан кейін олимпиада ойындарына бастаймыз».

Айта кетейік, биыл мақсаттары айқын жерлестеріміз облыс қоржынына  64- алтын, 56- күміс, 70 – қола салып, жанкүйерлерін қуантты. Жиын соңында үздік спортшылар мен мекеме қызметкерлеріне алғыс хаттар мен статуэткалар табысталды.