Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды

174
фото egemen.kz

Оқыс оқиға Ұ.Арғынбеков пен С. Бәйтереков көшелерінің қиылысында орын алды, салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды. Аталмыш даңғылдар бойында бірден үш көлік соқтығысқан: Mercedes, Opel және Nexia. Қатты соққыдан Мерседес 200 метрге ұшып кеткен, содан кейін ол түтіндей бастаған, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Өрт дер кезінде сөндірілді. Қазір мамандар апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Ауруханаға түскен ер мен әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.