Úı ANONS Келес ауданында білім бөлімінің бухгалтерлері қамауға алынды

Келес ауданында білім бөлімінің бухгалтерлері қамауға алынды

Келес ауданы білім бөлімінің бухгалтерлері сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар 2021 мен 2023-ші жылдар аралығында қызметкерлердің деректер базасына жалған мәліметтер енгізіп келген.

Яғни, жалпы білім беретін оқу орындары қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері есепшілермен үлестес тұлғалардың ЖСН-іне ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі 400 млн. теңгеден асады.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА Ресми өкілі: «Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды»