Мемлекеттік нөмір алуға 507 мың теңге жұмсаған

45

Шымкенттіктер «VIP» номер сатып алуға 1 жылда 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.  Номерлер сатылымынан келген қаржы қайда түседі? Қала тұрғындарының бұған көзқарасы қандай?

Шымкент қаласының тұрғыны – Ибрагим Гурбанов автомобиль номерін жарты миллион теңгеге сатып алған. Ол қымбат көліктің нөмірі арзан болмау керек дейді.

Ибрагим Гурбанов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бұл нөмірді 507 мың теңгеге алдым. Біраз уақыттан бері қарап жүрдім. Өзім спортпен айналысамын қазіргі таңда. Енді жақсы машина мінген соң, жақсы номер болғаны дұрыс деп ойлаймын» 

Үшінші мегаполисте ВИП номерлерге сұраныс күрт өскен. Өткен бір жылдың ішінде шымкенттіктер ВИП номер сатып алуға 1 млрд 325 мың теңге жұмсаған. Бұл жағдайға қала тұрғындарының пікірі қандай?

– Көліктің маркасы тема болса, алған жақсы ғой. Понт қой бұл негізінде 
– Ақшамды ондай номерлерге қимайтын едім
– Ия, алар едім, 019 DSR деген. Өзім районым DSR болғаннан кейін 
– Мен ондай VIP номерге қызықпаймын 

2023 жылы Шымкентте 4 мыңнан астам жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қандай сұраныс басым екенін айтты.

Алтынай Тутаева, «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының PR-менеджері: «2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды. VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады»

Еске салайық, елімізде VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Ал, сатылымнан келген қаржы ел бюджетіне түседі.