Шымкент үш әйел балабақшаға жұмысқа тұру үшін алаяққа 12 млн теңге берген

254

Шымкентте үш тұрғын балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа тап болды.

Жәбірленушілердің айтуларынша, бейтаныс әйел оларды тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген және бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге.

Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні ұстады.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ол бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда.

(Фото: ашық дереккөз)