Заңсыз кәсіпкерлік нысандарға айыппұл салынды

20

 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Абай ауданына қарасты А-2 тас жолының бойында орналасқан заңсыз құм, шағалтас сату, шлакоблок құю орындарына тексеру жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шара барысында заңсыз сауда нысандарының әрбірінің құжаттары тексеріліп, заңсыз жұмыс істеген кәсіпкерлік нысан иелеріне шара көріліп, тиісті айыппұл салынды.
Қала әкімі заңсыз кәсіпкерлік нысандарын реттеу, тәртіпке келтіру бойынша Полиция департаментінің басшысы мен Абай ауданының әкіміне тапсырмалар берді.
 Бұл көшелер — стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарын жою, алдын-алу, сондай-ақ, нысан иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Алдағы уақытта тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыстар атқарып, қорытындылар жасап отырады.
Мұндай тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмек.
 Айта кетсек, қаланың барлық аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған.