Жаңа жылдан бастап декрет төлемдерінің сомасы өзгерді

50

1 қаңтардан бастап, жүктілікке және босануға қатысты төленетін жарна мөлшері ұлғайды. Сәйкесінше, азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем көлемі де арттты. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік әлеуметттік сақтандыру қорының мамандары айтты.

Айжан Ермекқызы жүктіліктің бесінші айында. Ол жүктілікке байланысты берілетін әлеуметтік төлемді алу үшін ай сайынғы аударымдарын тұрақты төлеп отырады.

«Бұған дейін мен ең төменгі жалақы яғни, 2023 жылы 70 мың теңге болатын. 27 мың зейнетақы аударымдарын, әлеуметтік, медициналық аударымдарды аударып келдім. Алайда, жүктілігіме байланысты, енді жұмыс істеймін ғой, жақсы декретный болу үшін мен қазір аударымдарымның көлемін сәл көбейттім. Яғни, 2,5 млн. алмасам да, 1-1,5 млн. алу үшін өзімнің міндетті зейнетақы жарналарымды жүргізіп жатырмын. Жұмыс істейтін әйел ретінде, болашақ ана ретінде өз болашағымды ойлап отырып, жеке кәсіпкер болғандықтан сәл-сәл аударымдарымды көтеріп, жалақымның мөлшеріін көбейтіп, 3-4 айдан кейін жақсы декреттік демалысқа шықсам деген ойдамын»,- Шымкент қаласының тұрғыны Айжан Ермекқызы.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі айлық жалақысы 85 000 теңге болып белгіленді. Өткен жылы Шымкентте жүктілік және босануға байланысты төлем түрі бойынша 23 мыңға жуқ адамға 28 миллиардқа тарта төлем төленген.

Досбол Тиллабеков, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «12 айға орташа айлығын есептейміз. Орташа айлығы – әлеуметтік жарна төленді бізге, ал әлеуметтік жарна айлығынан 3,5 пайыз боп есептеледі. Соған қарап біз орташа айлығын шығарамыз. Біз он екі айын есептетіп, орташа айлығын шығарып, соны 4,2 коэфициентке көбейтеміз. Соны бірыңғай ретінде төлейміз. Жүктілікке және босануға байланысты – еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан бастап бізге жүгінуге болады».

Бұл өзгеріс бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жандарға да қатысты. Бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем соңғы 24 айдағы орташа айлық табысының 40 пайыз көлемінде төленеді. Биыл ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы себепті жүктілікке және басануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер көлемі көбейген.