Шымкентте №69 бағытта жолаушылар тасымалдайтын 5 қоғамдық автобус жаңартылды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл жұмыстар жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялар арасында түзілген келісімшарт негізінде жүзеге асып отыр.
Енді жыл соңына дейін осы бағыттағы тағы 5 автобусты жаңалау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Zhongtong» маркалы сыйымдылығы үлкен автобустар бейнекамералар және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған. №69 бағыттағы қоғамдық көлік 13 кесте бойынша қызмет көрсетеді.
Бүгінде қала ішінде қатынайтын жалпы қоғамдық көлік саны 1000-ға жуықтайды. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті бағыттарға 915 автобус шығады. Жекеменшік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
(Фото: Шымкент қаласы әкімдігі)