Шымкентте өрт кезінде 22 жастағы жігіт күйіп қалды

42
фото zhaikpress.kz

Жеке үйде орын алған өрт кезінде 22 жастағы жігіт қатты күйік алды. 10 наурыз күні сағат 15:18-де Бибарыс Сұлтан көшесінде тұрғын үйдің шатыры, гараж және ВАЗ автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт салдарынан 2002 жылғы жігіт I-II дәрежелі күйік алған. Гипербарикалық оттегімен емдеу орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрт 15:40-та оқшауланып, 16:13-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», — делінген ресми хабарламада.

Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Апаттар медицинасы орталығынан 20 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.