БҚО-на көмек көрсетуге жіберілген 300-ден астам әскери оралды

16

Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін жіберілген шымкенттік әскерилер оралды. Олардың келуіне орай 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында салтанатты іс-шара өтті.

Шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ қалалық әкімдік өкілдері қатысып, жеке құрамға өз алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, 300-ден астам Шымкенттік ұлан 13 сәуірден бастап еліміздің батысында су тасқынының алдын алу бойынша тапсырмаларды орындаған еді.