Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан «Алма-Тау» спорт базасында Париж Олимпиадасына жан-жақты дайындықтарын пысықтау мақсатында тереңдетілген оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Мұнда ел құрамасының боксшылары 6 мемлекет өкілдерінің қатысуымен бірге спаринг өткізіп, тәжірибелерін толыстыруда. Жиынға Қазақстан, Куба, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Израиль елдерінің құрамалары қатысуда.
Халықаралық дейгейде ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынында бокстың мега жұлдыздары Олимпиада ойындарының және Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары, кубалықтар Сесар ла Крус Хулио мен Арлен Лопес келіп, шеберліктерін шыңдап жатса, Олимпиада ойындарына жолдама алған өзбекстандық боксшылар да бар. Олардың қатарында +92 келіде Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов бастаған боксшылар шеберліктерін шыңдауда. Содай-ақ тәжік боксшысы 92 келіде Азия ойындарының жеңімпазы Давлат Болтаев та жан-жақты дайындығын пысықтауда.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов шәкірттері бүгінде олимпиаданың 6 жолдамасын иеленіп үлгерді. Олардың қатарында 51 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Махмуд Сабырхан, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай, 92 келіде Айбек Оралбай, +92 келіде Қамшыбек Қонқабаев сынды еліміздің мақтаныштары бар. Енді ел құрамасында 63,5 келіде жолдама иеленсе, ұлттық құрама жігіттері Париж төрінде барлық салмақ дәрежесінде толық бақ сынайды. Бұл салмақта лицензиялық іріктеу жарысына баратын боксшылар елордада өзара мықтыларын анықтады.
Нәтижесінде мамыр айында Тайландта өтетін кезекті лицензиялық турнирге кім баратыны белгілі болды. Бұл жолы да елшілік жарыста өзінің мықтылығын дәлелдеген түркістандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар күш-жігерін салып, өз мүмкіндігін тағы да сынап көреді.