Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің қырыққа жуық 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды.
Қонақтарды әскери нұсқаушылар мен бөлім тәрбиешілері қарсы алды. Болашақ Отан қорғаушылар бөлімнің әскери қызметшілерінің өмірі мен қандай қызмет атқаратынын өз көздермін көріп, қару-жарақ, әскери техника мен жеке қорғаныс құралдарының үлгілерімен қызығушылықпен танысты.
Мамандардың қолдауымен балалар Калашников автоматын бөлшектеуге және құрастыруға машықтануға, қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көруге және қайталауға мүмкіндік алды, сондай-ақ жалпы әскери қорғаныс костюмін киіп, радиохимиялық қорғаныстың негіздерімен танысты.
Әскерде, Тәуелсіздік жылдарында қандай өзгерістер болғандығы және бөлімнің тарихы туралы оқушыларға бөлім командирі полковник Әмірқожа Айтқожин айтып, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
— Сіз өзіңіздің аталарыңыз бен арғы бабалырыңызға лайық болуыңыз керек, және әрқайсыларыңыз өз өмір жолыңызды таңдау туралы шешім қабылдауыңыз керек. Өзіңізбен жұмыс жасаңыз, барлық бағытта өзіңізді жетілдіріңіз, ақыл-ойыңыз бен денеңізді жаттықтырыңыз, содан кейін сіз өз еліңізге пайда әкеле аласыз. Әскери қызмет әр ер адамның қасиетті парызы мен міндеті екенін ұмытпаңыз, — деп атап өтті бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин.
Көптеген ұлдар әскери қызметтің қаншалықты қиын екеніне көз жеткізгенімен, әлі де жауынгерлер қатарына қалай енуге болады, әскери істі қандай оқу орындарында үйретеді деген сұрақтарын қойды.
Әскерилер мен мектеп оқушыларының кездесуі жүйелі әскери-патриоттық жұмыс және әскерге шақырылуға дейінгі жастарды кәсіби бағдарлау аясында өткенін атап өтейік, оған бөлім басшылығы айтарлықтай көңіл бөледі.