Шымкент күнбағыс майының бағасы ең төмен өңірлер көшін бастап тұр

145

Шымкент республика бойынша күнбағыс майы ең арзан өңірлер көшін бастап тұр. Мегаполисте бір литр пісте майдың орташа бағасы — 529 теңге. Ал ең қымбат баға –Жезқазған қаласында. Онда бір литр өнім 865 теңгеден сатылуда.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы еліміз бойынша күнбағыс майының орташа бағасы литріне — 651 теңге.

Қазақстанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,4% өскен. Осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 136,5 мың тонна өнім шығарса, 2023 жылы 103,9 мың тонна күнбағыс майын өндірген.

Отандық өнімнің нарықтағы үлесі 83,7%, бұл ретте өнімнің 16,3% сырттан әкелінеді.

Күнбағыс майының негізгі үлесі (софлор және мақта майын қоса алғанда) өткен жылы Өзбекстанға, Қытайға және Тәжікстанға экспортталды.

(Фото: instagram.com/statgov.kz)