Төтеншеліктер халық көп шоғырланған орындарда өртке қарсы іс-қимылдар жайында, қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жоспарлы шара бұл жолы Қаратау ауданындағы медициналық мекемелердің бірінде ұйымдастырылды.
Оның барысында Қаратау ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қызметкерлерге өрт орын алған жағдайда қайда хабарласу керек, өрт сөндіретін құрылғыларды қолдану, дәрігерлердің көмегіне жүгінген азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жайында баяндады.
Шараның мақсаты — өрттің алдын алу, қызметкерлердің өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын орындауға үйрету болып табылады.