Қала әкімі Сергей Дворцевойды қабылдады

36
фото instagram.com/p/C8CZJlKNmEH/gabit_syzdykbekov

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков күні кеше белгілі қазақстандық-ресейлік кинорежиссер Сергей Дворцевойды қабылдады. Бұл туралы әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

«Белгілі қазақстандық-ресейлік кинорежиссер, Шымкент қаласының тумасы Сергей Дворцевоймен кездестім. Сергей Дворцевой “Ника” сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты. 2008 жылы белгілі режиссердің қазақ даласындағы шопандардың өмірі туралы “Тюльпан” фильмі Канн кинофестивалінің “Ерекше көзқарас” конкурстық бағдарламасында бас жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, 2018 жылы оның “Айка” фильмі Канн кинофестивалінің “Алтын пальма бұтағы” номинациясына ұсынылды, “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша “Оскар”сыйлығына үміткерлердің тізіміне енді.

Кездесу барысында мәдениетті дамытудың тетіктерін талқылап, отандық киноны дамыту мәселелерін әңгімеледік. Кинорежиссерге кинематография саласының қалыптасуына қосқан үлесі, оны әлемдік деңгейде танымал еткені үшін алғысымды білдіріп, шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруда табыстар тіледім» деп жазды әкім инстаграм парақшасында.