Сарыағашта ер адам танысымен бірге өз әйелін зорлаған. Ішімдікке тойып алғандар, автокөлікте азаматтық некедегі жұбайын ұстарамен өлтіреміз деп қорқытып, күшпен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі ер адам кінәлі деп танылды. Сот олардың біріне 10 жыл, енді біріне 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Әсет Серікбаев, Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Сотталушы К. 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал сотталушы И. 121-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген»