Бокстан халықаралық жарыс өтіп жатыр

17
фото: ТО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, кезінде Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ халықаралық турнир тағы да жалауын көтерді.

Бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтайды.

Дәстүрлі турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Әбдісалан ағаның жұбайы Күлбәш Шаймерденова жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.

Айтулы бокс бәсекесін Түркістан облысының әкімдігі мен Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі жоғары дәрежеде ұйымдастырды. Халықаралық деңгейдегі бокс додасы жайында Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов жан-жақты баяндап берді.

Ринг төріндегі жұдырықты жігіттердің жекпе-жектері 18-24 шілде күндеріне жоспарланған. Турнир «Olympic Center» спорт кешенінде өтіп жатыр.