Елдос Сметовті ел Президенті құттықтады

28
Фото: Сали Сабиров Olympic.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада топ жарқан Елдос Сметовті құттықтады.

“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі” – деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.