Бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-інің ашық алаңында басталып, тұрған күкірт қаптарын шарпыған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қазір оқиға орнына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков барды.
Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкер және 22 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Мамандардың мәліметсіне сәйкес, өртке оранған күкірт Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан. Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС-інің
минералды тыңайтқыштар зауытына тасымалдануы тиіс болған.
Өртті жоюға Орталық Медициналық комитет (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органдар (4 қызметкер), санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (2 қызметкер және 1 техника бірлігі), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері (2 қызметкер) де қатысып жатыр.
Жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына терезелер мен есіктерді жауып, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға және тыныс алу кезінде жеке қорғау құралдарын пайдалануға кеңес берілді.
Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігі үшін өртті сөндіру және оның салдарын жою кезінде Шаңырақ шағынауданы тұрғындарын эвокуациялау туралы шешім қабылданған.
Жағдай Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің бақылауында. Қызыл жалынды толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.