Шымкенттік жастар Қошқар ата өзені бойын тазартты.
Олар өзен бойын аралап, қала көркін бұзып тұрған қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, демалыс аймағындағы орындықтар, қоршауларды сырлаумен айналысты. Ал коммуналдық қызметкерлер жасыл желекті ретке келтіріп, ағаштардың артық бұтасын кесті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда тұрғындар қанына жанашырлық, қамқорлық, жанашырлық сынды қасиеттердің сіңіп жатқанын тілге тиек етті. Мұндай көркем мінезді жастар арасында дәріптеу маңызды. Сондықтан игі шара аясында, қала жастары мәдени-тарихи орындарға алып барып қана қоймай, онда тазалық акциясын өткізу қолға алынды.
Тазалық шарасына Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағы және қаланың ерікті 150-ге жуық жастары қатысты.
«Біз бүгін игі іс атқардық деген ойдамын. Себебі қаламыздың тазалығына үлес қостым. Біз сырлаған орындықтар жарқырап, әдемі болып тұр. Өткен сайын мақтана қарап жүретін болдық», — дейді ерікті жас.
Акция аясында белсенділер көшелерді қоқыс қалдықтарынан тазартып, ондағы ағаштарды түптеу, жол бойларын сыпыру сынды жұмыстарды жүргізді.
Айта кетейік, бұл тазалық акциясы жыл соңына дейін өз жалғасын тауып отырады.