Азаматтық іс бойынша тараптар татуласты

23
фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында талап қоюшы Х.-ның жауапкер Б.-ға қарыз берешегін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Х. өзінің талап қоюында жауапкер Б.-ға 5 000 000 теңге қарыз бергенін, ол жөнінде қолхат алғанын, жауапкердің 500 000 тенгені қайтарғанын көрсетіп, соттан қалған 4 500 000 тенгені өндіруді сұрады.
Судья медиатор Е.Отарбаевтың көмегімен, тараптар төмендегі медиациялық келісімге келді: Талап қоюшы Х. өзінің талап қоюынан бас тартады. Жауапкер Б. талап қоюды толық мойындап, өз еркімен қарыз ақшаны бөліп-бөліп 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қайтаруға міндеттенеді. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.